
«Жаратылыстану – өмір негізі»
Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде оқу жұмысының жоспарына сәйкес 2025-2026 оқу жылының 01.04-30.04 күндері аралығында жаратылыстану пәндерінің айлығы өтеді.
Мақсаты:
• Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру
• Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
• Зерттеу, бақылау, тәжірибе жасау дағдыларын дамыту
• Табиғатты аялауға тәрбиелеу
Ашылу салтанаты барысында оқушыларға айлықтың жоспары таныстырылып, түрлі танымдық сайыстар, зертханалық тәжірибелер, ашық сабақтар, викториналар мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылатыны айтылды. Сонымен қатар, пән мұғалімдері ғылымның адам өміріндегі маңызына тоқталып, білім алушыларды белсенділік танытуға шақырды.
Сондықтан бұл айлық оқушылар үшін жаңа білімге жол ашып, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыра түсетін маңызды шаралардың бірі болмақ.
Айлықтың ашылуы әсерлі өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!