Дінмухамед Қонаев атындағы орта мектебінде "Иманды ұл- әке мақтанышы" тақырыбында ұлдар жиыны өтті. ДҚТІЖО А.Д. Джуаспаева ұл баланың тәрбиесіндегі әкенің рөлі, ұлттық құндылықтар мен имандылық мәселесіне тоқталды. Ұл баланың отбасындағы, қоғамдағы жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Мектеп психологы Е.А. Тұрысқұлова «Менің әкем» атты тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында оқушылар әкелерінің бойындағы жақсы қасиеттерді атап, өз ойларымен бөлісті. Әке мен бала арасындағы сенім, сыйластық, құрмет тақырыптары қозғалды. Ұлдар клубының жетекшісі Серікбай Бақдаулет «Әке мен бала» тақырыбындағы бейнебаянды көрсетіп, мазмұны бойынша пікірталас ұйымдастырды. Оқушылар бейнероликтен алған әсерлерін айтып, әке тәрбиесінің маңыздылығын талқылады.