Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Д.Қонаев атындағы орта мектебінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу басталды.
"Математика пәні мұғалімі/ орыс сыныптарына/ тұрақты" лауазымы бойынша ұсыным хаттамасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» КММ кандидатты бос лауазымға ұсыну жөніндегі отырысының № 141590 Х А Т Т А М АСЫ Қатысқандар-6 09 қыркүйек, 2026 жыл Қатыспағандар-жоқ Күн тәртібінде: 1. Математика пәні орыс сыныптарына мұғалімі / тұрақты лауазымына кандидатты ұсыну туралы. 1. Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, директрдың оқу ісі жөніндегі орынбасары, конкурстық комиссия төрайымы Ш.К.Сыздыкбаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу» туралы айтып өтті. Конкурс жарияланғаннан кейін конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер хабарландыруда көрсетілген құжаттарды бізге қағаз түрінде ұсынып отыр. Қатысушы кандидат Бектияр Зарина Қалдыбекқызы білімі бойынша дипломын, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, біліктілігін арттыру курсының сертификаттарын, біліктілік санаты туралы құжаттардың көшірмелерін және басқа да талап етілген құжаттардың барлығын өткізді деп мәлімдеді. 2. Сөйледі: Комиссия хатшысы, К.Б.Ажибекова конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттың құжаты талапқа сай жинақталғанын және біліктілік санаты «педагог-тағылымдамашы» екенін айтты. Конкурстық комиссия мүшелері әңгімелесу барысында тағы да басқа сұрақтарын беріп, жауабын алды. Комиссия мүшелері математика пәні орыс сыныптарына лауазымына Бектияр Зарина Қалдыбекқызының құжаттарын талапқа сай деп тауып, 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі жоқ кандидаттың бағалау парағын» толтырып, өлшем-шарттардың талаптарына сай деп бағалады. Шешім: 1. Конкурстық комиссия мүшелері, математика пәні мұғалімі орыс сыныптарына/ тұрақты лауазымына құжат тапсырған кандидат Бектияр Зарина Қалдыбекқызының құжаттары «Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағының» өлшем-шарттарының талаптарына сәйкес 26 балл жинап, конкурстан өтті деп есептелсін. 2. Математика пәні орыс сыныптарына мұғалімі / тұрақты лауазымына ұсынылсын.