сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама
Дінмухамед Қонаев атындағы орта мектебінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы КІРІСПЕ БӨЛІМ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді. Дінмухамед Қонаев атындағы орта мектебі басшысының 2026 жылғы 01 сәуір айының №23 «Мектеп қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы шығарылып, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылатын кезең: 01қаңтар -30 сәуір 2026 жыл. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 8 сәуір мен 18 сәуір аралығы. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізген жұмыс тобы: Төрайымы - Оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Қ.Сыздықбаева Мүшелері: - Құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасар А.Д.Джуаспаева - Әдістемелік ісі жөніндегі орынбасар К.Б.Әжібекова - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі А.Ә.Асқамбаева - Шаруа ісі жөніндегі орынбасар Р.М.Ширинов - Кәсіподақ төрайымы Г.М.Бахбергенова Ішкі талдау барысында келесі бағыттар қамтылды: • кітапхана жұмысы • педагог қызметкерлерді аттестациялау; • кадрлық жұмыстар; • білім беру қызметі; • мемлекеттік қызмет көрсету; ыстық тамақпен қамту • үйден оқыту (инклюзивті білім беру); • оқушыларды мектепке қабылдау; 1. «Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау» 1.1. Персоналды басқару бағыты бойынша 2026 жылдың 5 сәуір бекітілген штат кестесі бойынша штат саны 53,5 бірлікті құрайды. Штаттық кесте бойынша лауазымдардың атауы мен штат бірліктері төмендегі 1-кестеде көрсетілді. 1-кесте № Лауазымдардың атауы Штат бірлігі 1 Директор 1 2 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 3 3 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 2 4 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары 2 5 АӘжТД оқытушы 1 6 Кітапханашы 2 7 Педагог-ұйымдастырушы 1 8 Психолог 2 9 Әлеуметтік педагог 1 10 Аға тәлімгер 1 11 Кәсіптік бағдар беруші педагог 1 12 Хатшы 1 13 Іс жүргізуші 1 14 Бағдарламашы 1 15 Зертханашы 5 16 Еден жуушы 14 17 Аула сыпырушы 1 18 Плотник 1 19 Қарауыл 3 20 Вахтер 2 21 Жұмысшы 2 22 Үйірме жетекшісі 4,5 23 Музыка жетекшісі 0,5 24 Электрик 0,5 Барлығы: 53,5 Бос орын /вакансия/ - enbek.kz/ сайтына шығарылған 1 штат- сантехник 1 штат- еден жуушы 2 штат -зертханашы 1 штат - робототехника 1.2. Персоналды басқару бағыты бойынша 2025 жылдың 2 қыркүйегінде бекітілген штат кестесі бойынша штат саны 55,5 бірлікті құрайды. Штаттық кесте бойынша лауазымдардың атауы мен штат бірліктері төмендегі 2-кестеде көрсетілді. 2-кесте № Лауазымдардың атауы Штат бірлігі 1 Директор 1 2 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 3 3 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 2 4 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары 2 5 АӘжТД оқытушы 1 6 Кітапханашы 2 7 Педагог-ұйымдастырушы 1 8 Психолог 2 9 Әлеуметтік педагог 1 10 Аға тәлімгер 1 11 Кәсіптік бағдар беруші педагог 1 12 Хатшы 1 13 Іс жүргізуші 1 14 Зертханашы 6 15 Еден жуушы 14 16 Аула сыпырушы 1 17 Қарауыл 3 18 Вахтер 2 19 Жұмысшы 2 20 Үйірме жетекшісі 5,5 21 Музыка жетекшісі 1 22 Бағдарламашы 1 Плотник 1 Барлығы: 55,5 Бос орын /вакансия/ - enbek.kz/ сайтына шығарылған Зертханашы - 1 Еден жуушы - 1 Сантехник -1 Мемлекеттік қызмет көрсету Мектепте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (оқуға қабылдау, ауыстыру, анықтамалар беру, мектеп бітіруші куәлігін тапсыру және т.б..) заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Қызмет көрсету электрондық форматта жүргізіліп, мерзімдері сақталады. Ашықтық пен қолжетімділік қамтамасыз етілген. Тарификация және педагогикалық жүктемені (сағат бөлу) бөлу бойынша: Мектепте педагог қызметкерлердің оқу жүктемесін (сағаттарын) бөлу және тарификациялау жұмыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Тарификациялау оқу жылының басында мектеп директорының бұйрығымен және Аудандық білім бөлімінің басшылығымен бекітіледі. Педагогтердің оқу жүктемесі олардың біліктілігіне, мамандығына, еңбек өтіліне және оқу жоспарына сәйкес әділ және ашық түрде бөлінеді. Сағаттарды бөлу барысында пән мұғалімдерінің жүктемесі теңгерімді сақтай отырып, оқу жоспары негізінде жүргізіледі. Артық немесе негізсіз сағат бөлу фактілеріне жол берілмейді. Тарификациялық тізімдер педагогикалық кеңесте қаралып, келісім негізінде бекітіледі. Әрбір мұғалім өз жүктемесімен таныстырылып, қолхат арқылы растайды. Жүргізілген талдау барысында тарификация және сағат бөлу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын жағдайлар анықталған жоқ. Барлық жұмыстар ашықтық, әділдік және заңдылық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуда. Мектеп кітапханасының жұмысы бойынша Мектеп кітапханасында 2025–2026 оқу жылына арналған оқулықтарды тарату жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, толық жүргізілген. Оқушыларға оқулықтар сынып жетекшілері арқылы білім беру стандарттарына сәйкес толық көлемде таратылған. Мектеп кітапханасының қорындағы оқулықтар қайта сарапталып, сыныптар бойынша сұрыпталып , жетіспейтін оқулықтар түгелденген. Оқулықтарды тарату барысында төмендегі санаттағы білім алатын оқушыларға ерекше көңіл бөлінді: 1. Көпбалалы отбасыдан шыққан оқушылар 2. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан оқушылар 3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 4. Ерекше білімді қажет ететін оқушылар Оқулықтарды тарату сынып жетекшілері арқылы жүзеге асырылып, әр оқушыға берілген оқулықтар арнайы есепке алу журналына тіркеліп жазылған. Жалпы оқулықтарды тарату жұмыстары талапқа сай, уақтылы және толық орындалған, сыбайлас жемқорлық көріністері анықталмады. ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ (КОНКУРС АРҚЫЛЫ) БОЙЫНША Мектепке педагогикалық және әкімшілік қызметкерлерді қабылдау конкурс негізінде жүзеге асырылады. Қызметке қабылдау процесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ашықтық, әділдік және айқындық қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастырылады. Конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін келесі кезеңдер қарастырылған: • конкурс туралы хабарландыруды жариялау; • өтініштерді қабылдау; • құжаттарды тексеру (түпнұсқалары мен көшірмелерінің сәйкестігін растау); • кәсіби құзыреттілікті бағалау (тестілеу, сұхбат). Конкурс қорытындысы бойынша үміткерлердің нәтижелері ұпай жүйесі негізінде анықталады. Нәтижелер үміткерлерге ресми түрде хабарланады. Конкурс барысында заңсыз немесе негізсіз артықшылықтар беруге жол берілмейді. Барлық құжаттар (өтініштер, тест нәтижелері, хаттамалар) арнайы тіркеу журналында сақталады. Жалған немесе күмәнді құжаттарды қабылдау фактілері тіркелмеген. 2025–2026 оқу жылында бос лауазымдарға педагогтерді тағайындау конкурсы «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулі (https://hr-nobd.edu.kz/) арқылы жүзеге асырылды. Мектепте «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі лауазымына 1 бірлік бос орын жарияланғанымен, аталған модуль арқылы үміткерлерден өтініштер түскен жоқ. Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде мектепте жұмысқа қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық фактілері мен заң бұзушылықтар анықталған жоқ. ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ Педагогтерді аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығы) жүзеге асырылады. Аталған рәсім педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша тиісті біліктілік санаттары беріледі немесе расталады. 2025–2026 оқу жылына педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу бойынша жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілген. Аттестаттаудан өтетін педагогтерді аттестаттау тәртібімен, кезеңдерімен және қажетті құжаттар тізбесімен таныстыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Педагогтерге құжаттарды уақытылы әрі толық дайындау, сондай-ақ электрондық форматта портфолио әзірлеу талаптары түсіндірілген. 2025–2026 оқу жылында аттестаттау рәсімі жылына бір рет өткізілетіндігіне байланысты, біліктілік санатының қолданылу мерзімі 2025 жылғы желтоқсан айында аяқталатын педагогтер мен басшы орынбасарларының санаттары 2026 жылғы тамыз айына дейін ұзартылды. Сондай-ақ біліктілік санаты ұзартылған басшы орынбасарлары: • Ажибекова Камшат Борашовна – директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары (ІІ санат); • Джуаспаева Ажар Досановна – директордың құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары (ІІ санат); • Сыздықбаева Шолпан Қуанышбековна – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (ІІ санат). 2025–2026 оқу жылына арналған №1 педагогикалық кеңес отырысында аттестаттаудан өтетін педагогтердің тізімі бекітілді. Жалпы саны – 36 педагог. Педагогтердің өтініштері мен құжаттары қолданыстағы талаптарға сәйкес электрондық форматта жинақталып, уақытылы тіркелген. Педагогтер өздерінің кәсіби қызмет нәтижелері (сабақ жоспарлары, бағалау материалдары, оқу бағдарламалары, ғылыми жобалар, іс-шара материалдары) жүйеге жүктелген. 2025–2026 оқу жылында педагогтерді аттестаттау мақсатында мектепішілік аттестаттау комиссиясы құрылып, бекітілген. Аттестаттау қорытындысы бойынша: • педагог-модератор санатына – 17 мұғалім; • педагог-сарапшы санатына – 12 мұғалім; • педагог-зерттеуші санатына – 7 мұғалім. Педагог қызметкерлерді аттестаттау белгіленген талаптарға сәйкес, ашықтық және әділдік қағидаттарын сақтай отырып жүргізілген. Педагогтердің портфолиосын сараптау және бағалау барысында сыбайлас жемқорлық фактілері мен заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Оқушыларды мектепке қабылдау бойынша: Оқушыларды мектепке қабылдау қолданыстағы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау процесі электрондық форматта (eGov порталы арқылы) жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау ашық және айқын түрде ұйымдастырылған, заңда көзделмеген артық құжат талап ету фактілері анықталған жоқ. Мүдделер қақтығысы бойынша Мектеп ұжымында және білім беру процессінің қатысушылары арасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Үйден оқыту бойынша: Үйден оқытылатын білім алушыларға қатысты барлық құжаттар қолданыстағы заң талаптарына сәйкес рәсімделген. Медициналық қорытындылар негізінде тиісті бұйрықтар шығарылып, жеке оқу жоспарлары бекітілген. Сабақтар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі, педагогтердің оқу жүктемесі әділ бөлінген. Оқушылардың білім сапасы тұрақты бақылауда. Кемшіліктер анқталмады Ыстық тамақпен қамту бойынша: Мектепте ыстық тамақпен қамту жұмыстары бекітілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылған. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушылар тізімі тиісті құжаттар негізінде қалыптастырылған. Ас мәзірі бекітіліп, күнделікті бақылау жүргізіледі. Тамақ сапасы мен қауіпсіздігіне мектеп әкімшілігі мен медициналық қызметкер тарапынан тұрақты мониторинг жасалып тұрады. Ақпан айынан бері мектепте ыстық тамақпен қамту бойынша Ваучерлік жүйе енгізілген. Ыстық тамақпен қамту бойынша кемшіліктер анықталмады. ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде мектеп қызметінің барлық негізгі бағыттары (мемлекеттік қызмет көрсету, тарификация және педагогикалық жүктемені бөлу, кітапхана жұмысы, кадрларды қабылдау, педагогтерді аттестаттау, оқушыларды қабылдау, үйден оқыту, ыстық тамақпен қамту және т.б.) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, ашықтық, әділдік және заңдылық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылатыны анықталды. Барлық рәсімдер белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылып, қызмет көрсету мерзімдері сақталған, құжат айналымы жүйеленген және электрондық форматта жүргізіледі. Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, құқық бұзушылықтар немесе заңсыз әрекеттер фактілері анықталған жоқ. Жалпы, мектепте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар тиімді ұйымдастырылған және тұрақты бақылауда. Жұмыс тобының төрайымы: ОІЖО ___________ Ш.Қ.Сыздықбаева Мүшелері: ДҚТІЖО ___________А.Д.Джуаспаева ӘІЖО ___________ К.Б.Әжібекова Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі ___________ А.Ә.Асқамбаева ШІЖО____________ Р.М.Ширинов Кәсіподақ төрайымы____________Г.М.Бахбергенова Т
аныстым: Мектеп директоры ______ У.А.Оспанова
23.04.2026
0